14 мыңнан астам қазақстандық онлайн түрде кәсіби білімдерін жетілдірді

14 мыңнан астам қазақстандық онлайн түрде кәсіби білімдерін  жетілдірді

14 мыңнан астам қазақстандық қашықтан кәсіби білімдерін жетілдірді. Оның жартысынан артығын екі қолға бір күрек іздеген жұмыссыз азамат құраған. Бұл былтыр елімізде іске қосылған skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасының нәтижесі. Қазіргі таңда бұл жүйеде 25 мыңға тарта пайдаланушы тіркелген. Электрондық тұғырнамада мәтін, бейне және аудио материал, инфографика түрінде 72 сағатқа дейінгі 120 жуық түрлі бағыттағы танымдық курстардан өтуге болады. Оның 63-ін меңгеру тегін. Бар ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Жүйеде ерекше қажеттіліктері бар тыңдаушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Курсты аяқтағандарға берілетін сертификат және игерілген жаңа дағды түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қазіргі кезде платформа жетілдіріліп жатыр.  

Венера Бидахметова, ҚР Ехәқм еңбек ресурстарын дамыту орталығының Бас сарапшысы:

– Қазіргі таңда бізде туризм, ауыл шаруашылығы, жеке қызметтер және серфис бойынша курстар жарияланған. Алдағы уақытта берілген курстар қатарын кеңейту мақсатында біз отандық білім беру ұйымдарымен интеграция жұмыстарын жүргізудеміз. Сол интеграция нәтижесінде бізде айти саласында, психология және тағы басқа осындай сұранысқа ие салалар бойынша  курстар жарияланады.