Қазақстандағы жастар саясаты күрделі жаңғыртуды талап етеді

Қазақстандағы жастар саясаты күрделі жаңғыртуды талап етеді

Қазақстандағы жастар саясаты күрделі жаңғыртуды талап етеді. Бұл туралы парламенттік тыңдау барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Ол шұғыл, жүйелі және кешенді шешімдерді қажет ететін бірнеше өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелерді атады. Соның бірі – түлектерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру. Жастар арасындағы ресми жұмыссыздық деңгейі салыстырмалы түрде аса көп емес, бірақ тәуелсіз ұйымдардың балама зерттеулерінің нәтижесі басқаша.  

Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы:

–  25-29 жас тобында респонденттердің 12%-ке жуығының әлі тұрақты жұмысы жоқ. Жоғары білімі бар қазақстандық жастардың 40%-тен астамы өз  мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Жұмыс орындарын құруға және жастар тәжірибесіне жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы сұрақтар туындайды. Аймақтық дамудағы теңсіздік, сондай-ақ, ауылдан қалаға көшу жастардың жұмыссыздығын арттырады.