Қытайдан Еуропаға баратын жаңа теміржол бағыты Қазақстан арқылы өтеді

Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді. Қытайдан Еуропаға баратын тағы бір теміржол бағыты Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Румыния арқылы өтеді. Жоспар бойынша оны дат компаниясы іске қосады. Дәліз жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін ашық өткізу мүмкіндігіне ие. Тауарлар тиелген пойыз Қытайдан Еуропаға 40 күн ішінде жетеді. Бұл туралы «Railway Supply» салалық басылымы хабарлады. Айта кетейік, жаңа бағытты әзірлеу жұмыстары наурыз айында басталып, сәуір айында алғашқы пойыз жолға шықты. Еуразиялық даму банкі сарапшыларының пікірінше, Еуразиялық дәліздермен «Солтүстік-Оңтүстік» бағытындағы контейнерлік тасымалдың 40%-ке жуығын қамтамасыз ете алады. Ал дәнді дақылдарды өткізу есебінен 2030 жылға қарай тасымалдау көлемі шамамен 12 млн тоннаны құрауы мүмкін.