Қазақстан халықаралық әуе рейстерін көбейтті

Аптасына 352-ден 433-ке дейін. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы және карантиндік шектеулердің жеңілдетілуі аясында Қазақстан халықаралық рейстердің санын арттырды. Осылайша, Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, жазда туристердің сұранысын орындау мақсатында 99 бағыт бойынша тұрақты рейстер жүзеге асырылады, оның ішінде Түркия, Египет, Грузия және Ресей елдеріне рейстер орындалады. Сонымен қатар, Италия, Чехия және Грекияға жаңа әуе рейстері ашылуда.