Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Басшысын қабылдады

Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Басшысын қабылдады

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттардағы ықпалдастығы Ақордада талқыланды. Мемлекет басшысы Ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның Сыртқы істер министрін қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Польшаны Орталық Еуропа аймағындағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Өз кезегінде Збигнев Рау президенттің басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға берді.