Мемлекеттік рәміздер күнінде 200-ден астам шара өткізеді

Мемлекеттік рәміздер күнінде 200-ден астам шара өткізеді

Биыл Қазақстан Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын тойлайды. Осыған орай еліміздің бас қаласында көптеген акциялар, флешмобтар және концерттер ұйымдастырылады. Жалпы 200 іс-шара жоспарланған, оған жүзге жуық шығармашылық ұжым жұмылдырылған. Сонымен, 4 маусымда елордалық автокөлік жүргізушілері мен спортшылары шеру бастайды. Елу көліктен тұратын колонна қаланың басты даңғылдарымен өтіп, 30 км шақырымды жүріп өтпек. Оның ұзындығы да бекерден таңдалмаған. Бұл ел тәуелсіздігінің негізгі атрибуттары ресми түрде бекітілген күннің 30 жылдығын білдіреді.

Нұрпейіс Қонысбаев, автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы:

– Әр спортшының арманы ол биік тұғырға шығып, көкті туды желбіретіп және әнұранымызды ойнату. Сол сияқты біздің келе жатқан жас спортшыларымызға бұл үлкен насихат болады.

Сәкен Есіркепов,  Тілдерді дамыту және архив ісі Басқармасы Басшысының орынбасары:

– Сол жерде үлкен патриоттық шара болады. Содан кейін біздің жастарымыз 50 туды алып біздің қаламыздың көшелерімен жүріп өтеді. Сонымен қатар 5 мың дана арнайы жалауша дайындадық биыл. Оны біз қоғамдық көліктерге, жекеменшік көліктерге, таксилерге бәріне таратып жатырмыз.

Мерекелік бағдарламаның негізгі тұстарының бірі ел Президентінің қатысуымен өтетін Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі болмақ.