Елордада «Арман ағашы» пайда болды

Елордада «Арман ағашы» пайда болды

Елордада «Арман ағашы» пайда болды. Бұл ағаштың әр бұтағына онкологияға шалдыққан балалардың тілегі жазылып, ілінген. Шарт бойынша конвертті ашқан жүрегі кең адам тағдыр тауқіметін тартқан бүлдіршіннің арманын орындай алады. Бастама Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан қолға алынды. Ұйымдастырушылар меценаттар мен кәсіпкерлердің көмегімен 100-ге жуық баланың тілегін орындауды көздейді.

Абылайхан Әбдірәш,  «Медицина жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы:

– Біз электронды армандар ағашын жасайтын боламыз. Кез-келген адам кіріп, өзіне ыңғайлы, лайықты баланың арманын алып, сол арманды орындай алады. Одан бөлек, осы уақытқа дейін былтыр 117 баланың арманын орындаған болатынбыз. Жыл басынан бері 20-ға жуық баланың арманы орындалды.