Женевада ДСҰ-ның министрлер конференциясы өтіп жатыр

Женевада ДСҰ-ның министрлер конференциясы өтіп жатыр

Женевада Қазақстанның төрағалық етуімен Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы өтуде. 164 елдің делегациялары бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды. Бұл – балық шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығы, пандемияға қатысты іс-қимыл, аз дамыған елдердің проблемалары және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша мәселелер.

Тимур Сүлейменов, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

– Біріншіден, бұл Дүниежүзілік сауда ұйымының пандемияға берген жауабы. Бұл жердегі әңгіме дәрі-дәрмекті автоматты түрде лицензиялау, Ұйымның интеллектуалды меншік бойынша ережелерін жеңілдету туралы болып отыр. Яғни бір елде жасалған вакциналарды аз талаппен басқа мемлекеттерге таратуға мүмкіндік берілмек. Екіншіден, әрине азық-түлік мәселесі. Кейбір елдер өз мүддесін бірінші орынға қойып, астық, күріш, май және басқа өнімдерге экспорттық шектеу қоюға ұмтылады. Соның алдын алу үшін Дүниежүзілік сауда ұйымы тиісті Декларация қабылдауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 12-ші министрлік конференциясы Женевада 16 маусымға дейін жалғасады.