ЮНЕСКО: әлем халқының 10 проценті әріп танымайды

ЮНЕСКО: әлем халқының 10 проценті әріп танымайды

Жер бетінде 770 млн-ға жуық адам сауатсыз. Бұл әлем халқының шамамен 10 процентін құрайды, деп хабарлайды ЮНЕСКО. Әсіресе, жазу-оқу білмейтін өңірлердің тізімінде Африка елдері басым. Оның ішінде Сомалидегі жағдай өте қиын. Бұл ел тұрғындарының 15-тен жоғары жастағылардың 5 проценті ғана жазып, оқи алады. Сондай-ақ, халықтың сауаттылығы төмен елдердің ондығына Ауғанстан кіреді. ЮНЕСКО ересектер арасында білім алуды жетілдіру үшін барынша тиісті шараларды қолға алып, осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті.