Ізкесушілер Беларусь жерінен 18 қазақ жауынгерінің сүйектерін тапты

Ізкесушілер Беларусь жерінен 18 қазақ жауынгерінің сүйектерін тапты

Қазақстандық ізкесушілер Беларусь жерінен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің сүйектерін тапты. Іздеу жұмыстары Витебск облысының Дубровск ауданында жүргізілген. Жасақ 18 батырдың жатқан жерін анықтап, басына белгі қойды.

Александр каролевич, іздестіру взводының аға инстукторы:

– Поднизовье ауылының маңайында тоғыз ай бойы фронт тұрды. Бұл жерде өтпелі жолдар болған. Олардың орнын табу қиынға соқты. Жауын тоқтамады. Қазба жұмыстарын сазды топырақ қиындатып жіберді. Десе де, сегіз шұңқырға тап болып, жауынгерлеріміз жатқан жерлер табылды.

Александр Шитов, «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі:

– Бұл жерде ата-бабаларымыздың ізі қалған. Алматы қаласында құрылған 88-ші атқыштар дивизиясы, Семей, Өскемен қалаларының азаматтары шақырылған 30-шы атқыштар дивизиясы жаумен қаймықпай соғысты. 101-ші қазақ атқыштар дивизиясының да сарбаздарды болды. Біздің мақсат – батырларымыздың рухына тағзым ету.

Экспедиция аясында отандық ізкесушілер туған топырақтан жырақ қалған жауынгерлер жерленген жерге белгі орнатты. Кейбір сарбаздардың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, құрметпен қайта жерленді.