Е. Рыбакина қазақстандықтарға алғыс білдірді

Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғыс айтты. Еліміздің бірінші ракеткасы ертең елге келеді және елордада бірқатар кездесу өткізеді.

Елена Рыбакина, Уимблдон-2022 жеңімпазы:

– Қымбатты қазақстандықтар! Мен елге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны жақсы білемін. Сіздерге алғысым шексіз. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – өте керемет сезім! Өзім де әлі сене алар емеспін.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. Бұл туралы ұйымның вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді. Теннисші қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін жеткізді.