Президент Қ. Тоқаев Қырғызстан Республикасында

Президент Қ. Тоқаев Қырғызстан Республикасында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Республикасына келді. Онда мемлекет басшысы 21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады. Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.