Атыраудағы айдаушы станциялардағы апат мұнай жөнелтілімдеріне кері әсер еткен жоқ

Атыраудағы айдаушы станциялардағы апат мұнай жөнелтілімдеріне кері әсер еткен жоқ

Атыраудағы мұнай айдаушы станцияларда болған апат қара алтын жөнелтілімдеріне кері әсер еткен жоқ. Бұл туралы Каспий құбыры консорциумы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты Атырау облысында бірнеше электр бағаны құлап, консорциумның «Құрманғазы» және «Исатай» айдаушы станциялары электр қуатынан ажырап қалған. Бұл оқыс оқиға ағымдағы айда жасалатын мұнай жөнелтілімдеріне әсер еткен жоқ. Теңіз терминалында қара алтын жөнелту жұмыстары штаттық режимде жүзеге асырылуда. Станциялар қосалқы қуат көздерінен қуаттандырылып, апатты жағдай туындайды деген қауіп жоқ, делінген консорциум сайтындағы хабарламада.