Air Astana рейстерді кешіктіргені үшін 9 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді

Тоғыз миллионнан астам теңге. «Air Astana» компаниялар тобы рейстерді кешіктіргені үшін  осынша сомада айыппұл төлеуге мәжбүр. Азаматтық авиация комитеті әуе компаниясын әкімшілік жаупкершілікке тартудың басты себептерін атады. Қазір рейстердің көптеген кідірістері мен жолаушылардың шағымдарына байланысты тергеу жүріп жатыр. 5 маусымда «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысының Алматы-Шымкент бағыты бойынша «КС-7105» рейсі 15 сағат 10 минутқа шегерілгені  белгілі болды. Жолынан қалған жолаушыларға тиесілі қызмет атап атсақ, қонақ үй ұсынылмаған.

«Осы оқиғаға байланысты 28 шілдеде әуе компаниясының үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалған. Осы хаттаманың негізінде әуе компаниясына 1 000 АЕК (3 миллион63 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Жалпы алғанда, биыл «Эйр Астана» компаниялар тобы рейс кешіктірілген кезде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 9 189 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.