Елорданың тарихи орындарына жаяу экскурсиялар

Елорданы жаңа қырынан тану. Жаз айларының әр демалыс күндері сәулетші Теміртас Ысқақов бас шаһардың тұрғындары мен қонақтары үшін жаяу экскурсиялар ұйымдастырып келеді. Бүгінде бұл экскурсиялар адамдар арасында тез танымалдылыққа ие болып үлгерді. Көбіне оларды мұндай серуендердің мазмұны қызықтырады.

Теміртас Ысқақов, Fading.TSE қалалық зерттеу платформасының негізін қалаушы: – Адамдар серуен кезінде салынғанына 150-160 жыл болған ғимараттарды көрген кезде таң қалып жатады. Олардың түрлі түрлілігіне. «Әйнектен жасалған қала емес» бағыты қаланың әйнек пен бетоннан салынған ғимараттарын ғана емес, кірпіштен, ағаштан салынған нысандарды көрсетеді.

Ал экскурсияға қатысушылар Орталық қалалық стадион жанындағы шағын бақта кездеседі.

Марк Брюшко, корреспондент:

–  Көбі білмеуі мүмкін, эксурсия  бастау алатын мына стадион да тарихи орын. Бұл өткен ғасырдың 30-шы жылдары Ақмола бекінісінің орнына салынған. Ал оның бас қақпасы ескі фотосуреттердегі әйгілі мұнара тұрған жерде орналасты.

Келесі екі-үш сағат ішінде экскурсияға қатысушылар елорданы басқа қырынан таниды. Оның ішінде Көпестік және теміржолдары бар Ақмола, неоклассикалық және модернистік Целиноград, ел астанасының ең алғаш бой көтерген монументтер бар.

Ал, бұл, сіздер көріп тұрған үйлер кеңестк дәуірінен қалған. Біз мұндай архитектура үлгісіндегі үйлерді әлі де көретін боламыз, өте ұстамды, ешқандай декорациясыз. Бұл үйлер сонау соғыс жылдарына дейін және кейінгі уақыттың белгілерінен сыр шертеді.

Саяхаттшылардың айтуынша, олар аралаған 15 тарихи орын ұзақ уақытқа дейін естерінде қалады.

Марат Хамидуллин, Томск қаласының тұрғыны, Ресей:

– Егер Целиноград, Астана, Нұр-Сұлтан қаласы туралы айтатын болсақ, ол бізге 24 жыл бұрын ғана салынған жаңа қаладай көрінеді. Қаланың ескі бөлігімен көпшілік барып, көріп таныспаған. Олар көбіне шаһардың сол жағалауын аралап, қыдырып жатады. Сондықтан біз, көненің көзімен халықты таныстыруға шешім қабылдадық.

Бұл экскурсияға қатысқандар енді 19 ғасырда бас қаланың алаңы қандай болғаны туралы нақты жауап бере алады. Мысалы, атақты Целинник сарайының қалай салынғаны, оның жобасы туралы, сондай-ақ, Ақмола бекінісінің қандай құрылыстары бүгінгі күнге дейін сақталғанынан хабардар.