Әлем климаттық апат алдында тұр

Әлем климаттық апат алдында тұр

Жаһандық жылынудың салдары бұрын болжағаннан да нашар болуы мүмкін. Бұл туралы Кембридж университетінің сарапшылары бастаған халықаралық зерттеушілер тобы мәлімдеді. Ғалымдар адамзатқа апат қаупін төндіретін климат өзгерісінің ең пессимистік сценарийлерін келтірді. Олардың болжамдарынша, болашақ моделіне сәйкес 2070 жылға қарай шамамен екі миллиард адам орташа жылдық температура Цельсий бойынша 29 градустан жоғары ортада өмір сүруге мәжбүр болады. Мамандар ауа температурасының үздіксіз көтерілуі басқа да қиындықтарды тудыруы мүмкін дейді. Мәселен, қолайсыз ауа райынан әлемде белгісіз дерт пайда болып, егістік алқаптары азайып, қарулы қақтығыстар  белең алуы мүмкін.