«Менің Әуезовім» түрік тілінде жарық көрді

«Менің Әуезовім» түрік тілінде жарық көрді

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов туралы роман-эссе түрік тілінде жарық көрді. «Менің Әуезовім» деп аталатын кітап авторы – академик-жазушы Зейнолла Қабдолов. Көлемді прозалық туындының тақырыбы мен басты сюжеті қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне негізделіп жазылған. Сондай-ақ романда Әуезовтің ұстаздық еңбегі бірнеше қырынан көрсетілген. «Бұл туындыны басқалардан оқшаулап тұрған ерекшелігі де дара тұлғаның ұстаздығы мен жазушылық қасиеті тоғыса суреттелгенінде», - дейді зиялы қауым.

Мұрат Әуезов, қоғам  қайраткері:

– Бұл енді шығыс дәстүрі ұстаз бен шәкірт қатынасы деген. Бұлар өз өмірлерін шығармашылығымен дәлелдеді. Мұхтар Әуезовты киелі түркі елі тағы бір мәрте танитын болды.

Сұлтан Раев, Халықаралық  ТҮРКСОЙ ұйымының  бас хатшысы:

– Кітапта Мұхтар Әуезовтың өткен жолы, аға-іні, адамдық позиция бүкілі көрсетілген. Түркияда шықты. Жақсы қабылданды. Түркі дүниесіне үлкен рухани азық береді деп ойлаймыз.