Қазақстанда Абай Күні атап өтілуде

Қазақстанда Абай Күні атап өтілуде

Бүгін елімізде қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абайдың туғанына 177 жыл. Еске салайық, осыдан екі жыл бұрын тамыздың 10-ы Абай күні болып бекітілген еді. Осылайша мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Осынау күні еліміздің барлық өңірінде ойшылдың құрметіне көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер өткізіледі. Мәселен, елорданың Ұлттық академиялық кітапханасы «Абай тағылымы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырса, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ашылды. Алматыда көшпелі көрме ұйымдастырылып, қонақтарға Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлер ұсынылады. Мерекелік бағдарлама ақынның туған жері Семейде де өтеді. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында Абай Құнанбайұлына арналған вернисаж қанат жаймақ.