Ауыл туризмі

Ауыл туризмі

Welcome to Kazakhstan! Алматы және Жетісу облыстарына келетін шетелдік туристер қонақүйлерден гөрі қазақтың киіз үйіне қонғанды жөн санайды. Осылайша еліміздің мәдениеті мен тарихын тереңірек тануға тырысады. Қазақтың тұмса табиғатын тамашалауға келген шетелдіктерге ауыл тұрындары көмект

Ауыл мектебінде мұғалім болып істейтін Ардақ Омарованың туристік бизнестің қыр-сырын үйреніп, қонақ үй ашқанына 4 жыл болды. Бір уақытта 18 адамды қабылдай алады. Аулаға киіз үй орнатқан. Мұнда меймандарға ет, құрт, бауырсақ, қымыз, шұбат секілді ұлттық тағамдар ұсынады. Осы жылдары қонақ үйде әлемнің 60 елінен келген туристер тоқтаған.

Ардақ Омарова, ауыл тұрғыны:

– 2018-ші жылы бастадым. 2019-шы жылы жақсы жұмыс жасадық. Тек қана шетелдік туристермен. 2020-шы жылы пандемия болып кетті ғой. Сол кезде кішкене тоқтап қалды бизнесіміз.  Әлі де жалғастырамыз. Әлі де жұмыс жасаймыз. Маған өзі қонақ күткен өте ұнайды.

Джорджо Леони, Италиядан келген саяхатшы:

–  Менің мұнда келгеніме 10 күннен асты. Саяхаттан алған әсерімді ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақ қонақжай дегенді естуші едім, осы жолы  тәнті болдым. Ұлттық тағамдарыңыздың дәмі тіл үйіреді. Ал табиғаты қандай тамаша! Жер бетіндегі жұмақ мекен десем артық айтқаным емес.