«Балалар Евровидениесі – 2022»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?

«Балалар Евровидениесі – 2022»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?

Балалар Евровидениесінде Қазақстан атынан алматылық Давид Чарлин өнер көрсетеді. Үміткер Ақтөбеде өткен  «Бақытты бала-2022» байқауында анықталды. Іріктеу кезеңіне 200-ден астам өнерпаздан өтініш түскен. Ақтық сынға оның 21-і өтіп, шеберлік байқасты. Байқауға Ресей, Армения, Өзбекстан, Түркия, Испания, Болгария және Румыния өнерпаздары да қатысты.

Давид Чарлин, «Бақытты бала-2022» байқауына қатысушы:

– Халықаралық байқауда Қазақстан атынан шығу мүмкіндігін жеңіп алғаныма өте қуаныштымын.

Жан Мұқанов, музыкалық продюсер:

– Биыл «Балалар Евровидениесінің» ұлттық кезеңі дәл осы «Бақытты бала» жобасынан басталады. Давидтің алдағы сыннан сүрінбей өтіп, жүлделі болатындығына сенімдімін.