Шоқан Уәлиханов туралы кітап таныстырылды

Шоқан Уәлиханов туралы кітап таныстырылды

«Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы». Осындай құнды мәліметтерді арқау еткен кітап Жетісу облысының, Шоқан ауылындағы мұражайда таныстырылды. Зерттеудің авторы Жарас Ермекбаев осы еңбекке отыз жыл уақытын арнапты. Оны жазу барысында сирек мұрағаттармен танысу үшін бірнеше елді аралап, тың деректермен танысқан.

Жарас Ермекбай, кітап авторы, тарих ғылымдарының докторы:

– Қазақстанда бір адам ғана Шоқанды оқитын. Марқұм ол анау Мариям Сүлейменова деген бір ғалым болған. Тарих институтында. Сол шоқантанушы болды. Жазғаны қысқаша, тез жазады ғой, далада жүреді ғой енді. Көшпенділі болатын, саяхатшы болатын. Сондай өмірі қысқа болғанымен біраз қолжазбалары қалды. Ол бұрынғы Ленинград болды, қазір Санкт-Петорбордың архивінде, мен соны қарадым, отырдым.