Павлодар облысына 800-ден астам қандастарымыз қоныс аудармақ

Павлодар облысына 800-ден астам қандастарымыз қоныс аудармақ

Биыл Павлодар облысына 800-ден астам қандастарымыз қоныс аудармақ. Олардың  600-ге жуығы Түркіменстаннан көшіп келеді. Көштің алғашқы легіндегілер Ақсу ауылдық аймағына қоныс аударып үлгерді.

Ескендірхан Сүйіқұлов, қоныс аударушы:

– Енді өзіміз де қартайдық. 67 жасқа келдік. Содан атажұртқа деп қайттық. Жақсы қарсы алды. Үй-жай беріп жатыр. Көмек беріп жатыр ғой.    Арманым енді: Қазақстанда жұмыс берсе, істеймін. Бала шағам оқиды. Немерелерім бар. Білім алсын өз қазақша тілінде.   Бір балам Атырауда қалды, ол да келеді. Қызым да келді!

Пилоттық көші-қон бағдарламасы шеңберінде қандастар тұрғын үймен қамтылады. Жұмысқа орналасу бойынша да қолдау көрсетілмек. Сонымен қатар, отбасына орташа есеппен бір миллион теңге шамасында субсидия беріледі.

Орынгүл Отағанова, қоныс аударушы:

– Қуанышты сезімде бодым. Құдайға шүкір, еліме жеттім. Еліме келгеніме қуаныштымын. Елімізге барайық, елге қосылайық, балаларымыз істесін, көрсін деп қайттық тілегімізбенен.