Қазақстанда әуе тасымалының бағасы артты

Қазақстанда әуе тасымалының бағасы артты

Қазақстанда авиакомпаниялардың қызметі бір жылда 27%-ке қымбаттады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлайды. Аналитикалық порталдың мәліметінше, қызмет құнының ең көп өсуі Түркістан облысында байқалған. Онда әуе билеттерінің бағасы 57%-ке жуық артқан. Жамбыл облысында 47%-ке баға көтерілсе, Шығыс Қазақстан облысы үштікті тұйықтап тұр. Мұнда әуе билеттерінің құны 44,5% қымбаттаған. Сонымен қатар керісінше әуе тасымалы бағасы төмендеген аймақтар да бар. Олардың қатарында Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр. Сондай-ақ, сарапшылардың мәлімдеуінше, өзгерістер мен тарифтердің өсуі, қазақстандықтардың саяхаттауына еш әсер еткен жоқ. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 6 миллионға жуық азамат ұшақпен сапарлауды таңдаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% дерлік артық.