Биыл Қазақстанда көмекті 622 мыңнан астам азамат атаулы әлеуметтік алды

Республикада 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 121 мыңнан астам отбасы, оның ішінде 622 мыңнан астам азамат атаулы әлеуметтік көмек  алған. Аталған мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.  Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 проценттен төмен азаматтарға тағайындалады.  Сондай-ақ жағдайы төмен отбасында кәмелет жасқа толмаған балаларға арнайы шаралар қарастырылған.

Нұрсәуле Елеуова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы:

– Егер отбасы құрамында кәмелет жасқа толмаған балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылады. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға квартал сайын, ай сайын белгіленген тамақ өнімдері көрсетілген ішіне беріледі ай сайын. Және де әр тоқсан сайын химиялық тауарлар ұсынылады. 6 дан 18 жасқа дейінгі балаларға жалпы білім қоры дейміз, соның шеңберінде қосымша шаралар көрсетіледі.

Қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін  тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.