Қостанайдан шыққан экспедиция Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне жолға шықты

Қостанайдан шыққан экспедиция Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне жолға шықты

Зерттеуші топ қазақ халқының ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының өмір сүрген және еңбек еткен жерлерін көріп-білуге аттанды. Қостанайдан шыққан ғылыми экспедицияның мақсаты – ұлт ұстазының өмірбаянынындағы ақтаңдаңдақтарды анықтау, жаңа деректермен толықтыру. Ол үшін ғалымдар бірнеше ауылды аралап, тарихшылармен, өңір мамандарымен кездеседі.

Алмас Әбсадық, экспедиция жетекшісі:

– Экспедицияның қорытындысын Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте шығарғалы отырмыз. Себебі кезінде осы мектептің қабырғасында Қостанай педагогикалық сыныбы жұмыс жасаған. Аталмыш сыныпта Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінен сабақ берген еді. Мінеки экспедицияны ұйымдастыра отырып, біз қоғамды, жұртшылықты Ахмет Байтұрсыновтың Қостанай кезеңіне назар аудартқымыз келеді.