2023 жылы Қазақстанда ақылы аңшылық басталуы мүмкін

2023 жылы Қазақстанда ақылы аңшылық басталуы мүмкін

Қазақстанда киік санын азайту тәсілі биыл қазан айында шешіледі. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі хабарлады. Серікқали Брекешовтің айтуынша,   қазіргі таңда көпшілік тарапынан түскен ұсыныстар жіті қаралып жатыр.

Серікқали Брекешов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

– Мәселен, адамдар киіктерді атпай, басқа өңірлерге мәжбүрлеп көшіруді ұсынған еді. Өкінішке орай, ғылыми қауымдастық бұл әдісті тиімсіз деп атады, өйткені мәжбүрлеп айдағанда киіктердің өлу қаупі жоғары және олар тарихи мекеніне қайтып келуі мүмкін. Сондықтан бұл ұсыныс қабылданбады.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта киіктерге зиянсыз зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін 500 бас киік тірідей ұсталады.  Сараптамалық жұмыстар жасалғаннан кейін жануарлар табиғатқа қайтадан жіберіледі. Сондай-ақ ақылы аңшылыққа рұқсат беру мәселесі қаралып жатыр.

Серікқали Брекешов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

– Біз келесі жылы спорттық-әуесқойлық аң аулау ұйымдастыруды қарастырып жатырмыз. Негізінде, бұған дейін біз киіктің Қызыл кітапқа енбегенін айтқан болатынбыз. Қазіргі таңда оны атуға тыйым салынған.