Қазақ киносы Прагада

Қазақ киносы Прагада

Прагада қазақ киносының күндері өтіп жатыр. Чех көрермендеріне отандық екі фильм – «Патриоттар уақыты» және «Зере» ұсынылды. Көрсетілім Қазақстанның осы елдегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында дипломаттар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін мәдени әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық кинематографиясын қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері Чехияның бірқатар продюсерлік орталықтарымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.