Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау туралы өз пікірін айтты

Мемлекет басшысының биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын жаңа Қазақстанды құру тұрғысынан қарастыру керек. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті. Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін дамытуға жаңа серпіліс беретінін атап көрсеткен спикер Президенттің «мемлекеттілігімізді нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстану қажет» деген ұстанымын қолдайтынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы:

– Біздің азаматтарымыздың тарапынан үнемі түрлі сауалдар, сұраулар келіп жатады. Соның ішінде биліктің жаңаруы бар. Жаңа адамдар керек, жаңа кадрлар мәслихаттан бастап келуі тиіс. Егер осыдан бастайтын болсақ, кейін әкімшіліктерге, жаңа әкімдер келуі тиіс. Иә, сонымен қатар жаңа адамдар Мәжіліске де, Сенатқа да келуі керек. Халықтың сұрауы осы. Сондықтан Ел президенті осындай стратегиялық шешім қабылдады. Бұл қадамды ортақ саяси реформалар тұрғысынан қарау керек деп есептеймін.