Венада Қазақстандық жас суретшілердің көрмесі ашылды

Венада Қазақстандық жас суретшілердің көрмесі ашылды

Австрияның Вена қаласында Қазақстан жас суретшілерінің көрмесі ашылды. Экспозицияға қоршаған ортаны қорғау тақырыптарындағы байқау жеңімпаздарының қолынан туған туындылар қойылды. Қазақстанның Австриядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмені тамашалауға Біррікен ұлттар ұйымының, Вена мэриясының өкілдері барды. Шара балалар арасында табиғат пен жан-жануарларға деген сүйіспеншілікті насихатттауға бағытталған. Қатысушылар тек сурет салып қана қоймай, аталған тақырыпта эссе мен бейнеүндеу әзірледі.