Жасанды интеллект қазақша сөйлей бастады

Жасанды интеллект қазақша сөйлей бастады

Жасанды интеллект қазақша сөйлей бастады. Аударманың тың технологиясын  швейцариялық компания әзірлеген. Жүйе 100% дәлдікпен кез келген бейнежазбаны 67 тілге және 60 диалектіге, соның ішінде қазақ тіліне аударады. Осы арқылы ғылым, бизнес және маркетинг мамандарының халықаралық тобы - автоматты түрде аударманың тың алгоритмі мен әдістерін қолданады. Құрылтайшылардың айтуы бойынша мұндай роботтар қаржы мен уақыт үнемдеуде де мол септігін тигізеді.

Денис Красников, жоба құрылтайшысы:

– Жақсы жаңалықтың бірі сол, енді материалды қазақ тілінен де, қазақ тіліне де аударуға болады. Бағдарлама қалай жұмыс істейді? Оны қызығушылық танытқан кез келген адам қолдана алады. Бұл жеке бейне продюсер болуы мүмкін немесе көптеген аудармаларға қызығушылық танытатын ірі компаниялар болуы мүмкін. Біздің компанияның мақсаты - әлем халықтарының тілдік әртүрлілігін сақтау. Осы тілдерде бейнеконтентті дамытуға жағдай жасау. Ана тілінде білім алу.