Ә. Смайылов: Елімізде дәрігерлердің абырой-беделі арта түсуде

Ә. Смайылов: Елімізде дәрігерлердің абырой-беделі арта түсуде

Қазақстанда дәрігер мамандығының абырой-беделі арта түсуде. Бүгінде олардың жалақысы  айтарлықтай өсті. Мысалы, олардың орташа жалақысы    420 мың теңгені,  орта медициналық қызметкерлердің жалақысы  234 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Әлихан Смайылов мәлім етті. Үкімет басшысының айтуынша, жалпы бұл салада жүргізіп жатқан кез келген шара денсаулық сақтаудың сапасын жақсартуға  және қолжетімді болуына бағытталған.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

– Бұл үшін денсаулық сақтау объектілерін салуға, медициналық техника сатып алуға, заманауи технологияларды енгізуге, кадрларды оқытуға қомақты қаражат жұмсалуда. Қазіргі таңда магниттік-резонанстық томография,  компьютерлік томография сияқты қымбат медициналық зерттеулер    қолжетімді болды. Былтыр    науқастарды радиохирургиялық емдеуге арналған Орталық Азия елдеріндегі тұңғыш Гамма-пышақ орталығы ашылды.

Өз кезегінде Премьер-министр, халық тарапынан дәрігерлік көмектің көлеміне қатысты,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты арыз-шағымдардан хабардар екенін алға тартып, Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, саланың жұмысын және қаржыландыруды жетлдіру мақсатында биылғы жылғың 1 қарашасына дейін ұсыныстар дайындауды тапсырды.