25 қазан – Республика Күні Ұлттық мереке мәртебесін алды

25 қазан – Республика Күні Ұлттық мереке мәртебесін алды

Республика күні Ұлттық мереке мәртебесін алды. Сенат депутаттары 25 қазанды Ұлттық мереке деп белгілеу туралы норманы қамтитын түзетулер пакетін бірауыздан қолдады. Бұл күн демалыс болады. Сонымен қатар, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде қала береді. Енді заң жобасына мемлекет басшысы қол қоюы тиіс.