Президент сайлауында «Барлығына қарсымын» бағаны пайда болады

Президент сайлауында «Барлығына қарсымын» бағаны пайда болады

20 қарашада өтетін президенттік сайлауда қазақстандықтардың барлық кандидаттарға қарсы дауыс беру мүмкіндігі пайда болады. Сайлау бюллетеньдеріне арнайы баған енгізіледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында айтылды. Онда мұндай мүмкіндік заңнамада ауыл әкімдерін сайлау өткен кезінде пайда болып, сол кезден бастап бұл тармақ сақталғанын түсіндірді. Айта кетейік, сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайды. Егер кандидат лауазымға сайланса немесе дауыс беруге қатысатындардың кемінде 5 процент қолын жинаса, сайлау жарнасы қайтарылады.

Константин Петров, ҚР ОСК Төрағасының орынбасары:

– Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 бөлігі теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. 1 шілдедегі жағдай бойынша ОСК Қазақстан Республикасы сайлаушылар тізіліміне сайлау құқығы бар 11 827 277 азаматты енгізді. Осылайша, әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс.