Францияда экологияны қорғауға арналған шеру өтті

Францияда экологияны қорғауға арналған шеру өтті

Ел астанасы Парижде жүздеген адам көшеге шығып, билікке үндеу жасады. Шерушілер  «Біз үлкен қасірет алдында тұрмыз, дереу әрекет ету керек»  деп ұрандатты. Ереуілшілердің дені – жастар, жоғары оқу орындарының студентттері. Манифестанттар елде жасалатын жарнамалардың санын қысқарту керек дейді. Олардың айтуынша, жарнама табиғи ресурстарды шамадан тыс тұтынуға әкеледі.