Швейцарияда зейнетке шығу жасы ұлғайды

Швейцарияда зейнетке шығу жасы ұлғайды

Енді, олар 65 жасында еңбек демалысына шығады. Ресми мәлімет бойынша, жалпыхалықтық дауыс беру кезінде сайлаушылардың 51%-ке жуығы жаңа реформаға қолдау білдірген. Оған сәйкес зейнет жасы нәзік жандылар үшін де, ер адамдар үшін де бірдей болмақ. Соңғы рет мұндай реформа Швейцарияда 25 жылдан астам уақыт бұрын өткізілген. Ал, 2004 және 2017 жылдары заң жобасына өзгерту енгізулер қолдау таппады. Реформаны қолдаушылар қазіргі экономикалық және демографиялық жағдайда ерлер мен әйелдердің бірдей көлемде жұмыс істеуі керектігін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін ел билігі зейнет жасын ұлғайту арқылы алдағы он жылда шамамен 5 миллиард доллар үнемдейтінін атап өтті.