Елімізде жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жарияланды

Елімізде жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жарияланды

Қазақстанда «Жас ғалым» жобасы аясында жаңа конкурс жарияланды. Гранттар іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге ден қойғандарға берілмек. Бұл жөнінде еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді. Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану; минералды және көмірсутек шикізатын өндіру, қайта өңдеу, жаңа материалдар; энергетика және машина жасау; жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулер; ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі бағытындағы жұмыстар саралаудан өтеді. Байқауға өтінімдерді қабылдау Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы сайтында қазанның 3 мен 31 аралығында жүргізіледі.