Қазақстанның еңбек нарығында онлайн супермаркет құрылады

Мамандық таңдауда қателеспеген абзал. Бұл орайда алдағы жылы еліміздің электрондық еңбек биржасында кәсіптер бойынша цифрлық жолсілтеме іске қосылмақ. Жүйеге ішкі нарықта сұранысқа ие 400-ге тарта мамандық жайлы толық ақпарат жүктеледі. Тізім қажеттілік бойынша жаңарып тұрады. Бұл елдегі жұмыспен қамту бағытында онлайн супермаркет құру жолындағы тағы бір белес болмақ. Жалпы қазіргі таңда біріңғай сандық экожүйе аясында Skills Enbek оқыту платформасы жұмыс істейді. Онда орналасқан 160-қа тарта курстың, 100-ден астамы тегін. Ал, Business Enbek тұғырнамасы арқылы биыл жеке ісін бастауға ниеттілерге 20 мың грант беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік қызметтерді де қашықтан алу мүмкіндігі қарастырылған. Enbek.kz. бірыңғай цифрлық алаңында 200-астам жұмыспен қамту орталығы, 44 жеке жұмыспен қамту агенттігі мен 5 онлайн бос жұмыспен қамту орындары шоғырланған. Яғни, жұмыс беруші мен екі қолға бір күрек іздеуші еңбек нарығына қатысты бар қызметті бір жерден қашықтан ала алады. Тіпті ел аумағынан тыс жұмыс жасауға бел буғандардың да қамы ойластырылған.

Александра Молчановская, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры:

- Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде «Шекарасыз жұмыс» жобасы іске қосылды. Яғни, аталмыш одаққа мүше Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейдің осы бағытта ақпараттық жүйелерін тоғыстырған бірыңғай іздеу жүйесі жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ осы елдердің жұмыс іздеушілері мен жұмыс берушілері де Қазақстанда өзіне қажеттісін таба алады.