Флоридада «Йен» дауылы салдарынан екі мыңға жуық адам құтқарылды

Флоридада «Йен» дауылы салдарынан екі мыңға жуық адам құтқарылды

Штатта құтқару операциясы және табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалғандарды іздеуде, сондай-ақ мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсетілуде. Табиғи апатттан  78-ге жуық адам қайтыс болды. Сонымен қатар шекаралас аймақтар да жойқын желдің құрсауында қалды. Атап айтсақ, Кубада үш, Солтүстік Каролинада төрт адам қаза тапты. Апат салдарынан жүздеген мың халық әлі күнге дейін жарықсыз, тұрақты ұялы байланыссыз, интернет пен ауыз сусыз отыр. Өңірлерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Рон Десантис, Флорида губернаторы:

- Төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккен аймақтарға су, азық-түлік және медициналық құралдарды жеткізуді жалғастыруда. Сонымен қатар, мамандар Интернет байланысын қалпына келтіру үшін 375 StarLink интернет құрылғысын орналастырып жатыр. Флорида департаменті қазір жөндеу жұмыстарының жоспарын әзірлеуде.

Еске салайық, АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауында «Йен» дауылы сағатына 240 шақырым жылдамдықпен соқты. Дауыл ел тарихындағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі болды.