Қазақстанда 1,5 млн-нан астам салымшы депозит бойынша 10% өтемақы алуға өтінім берді

Сыйақы жинақ, мерзімді, мерзімсіз депозиттер, білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі салымдарға есептеледі. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады. Қазіргі таңда банктерге өтініш беру жалғасуда. Салымшылар сыйақыны алуға келісімін 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін растауы керек. Мұны онлайн режимінде жасауға да болады, қаржы институттарының көпшілігі мұндай мүмкіндікті әлдеқашан ойластырған. Жалпы 5 миллионнан астам салымшы өтемақы алуға құқылы. Қыркүйек айындағы жағдай бойынша өтемақының жалпы сомасы шамамен 360 млрд теңгені құрады.