Еуроодақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр

Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі жиында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.  Министрдің айтуынша, аталған дәліз арқылы биыл 10 айдың көлемінде шамамен 1,5 млн тоннаға жүк тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Қазақстан тарапы халықаралық маршруттың өткізу қабілетін арттыруға мүдделі. Бұл ретте контейнерлік паркті және жеке паром флотын толықтыру, сондай-ақ шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мәселелері қарастырылуда

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Қазақстан өзіне қарасты  бөлігіндегі жұмыстарды бастап кетті. Осыдан бір апта бұрын Премьер –Министр «Достық-Мойынты» темір жолының жалпы ұзындығы 386 шақырым болатын жаңа учаскенің құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Қазір біз Қытайдан жүктерді көбірек тасымалдау үшін үшінші шекара өткелін ашу қатысты жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесінде 20 милион тоннаға дейін өсім болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір Ақтау портында паромдар, танкерлер, инфрақұрылым салу бағдарламасын әзірленуде

Айта кетейік, халықаралық жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркияның сыртқы істер министрлері мен көлік мәселелеріне жауапты министрлік басшылары қатысты.