Қазақстанда ағаштың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес алдағы жарты жылда отын мен шикізатты республикадан тыс жерлерге шығаруға болмайды. Тек теміржол және трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдарға ғана рұқсат етілді. Бұл тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді.