«Алтын тұғыр-2022» сыйлығының иегерлері анықталды

Салтанатты шарада биыл түрлі түрлі спорттық бәсекелерде топ жарған саңлақтар және оларды баптаған жаттықтырушылар ерекше құрметке бөленді. Жыл үздіктері көкпар, бәйге, асық, садақ пен жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, тоғызқұмалақ, теңге ілу және «Жыл жаңалығы» аталымдары бойынша марапатталды. Шара аясында көшпенділіктін рухын сезіндіретін дәстүрлі ойын-сауық алаңдары құрылып, келушілер ұлттық спорт түрлерінен баптарын сынап, сұңқар не бүркітпен суретке түсті. Бұл тағлымды істің мақсаты қазақтың көне ойын түрлерін ұлықтап, ұлттық құндылықтарды кеңге насихаттау.

Есжан Құрманбай, көкпардан ұлттық құрама мүшесі:

- Бүгінгі таңда Ұлттық спортқа қолдау керемет. Барлық жағдай  жасалған.  Түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Ұлттық ел чемпионаты бар, «Ақбидай» ойындары бар. Халықаралық деңгейде де танылуы жақсы. Қазір жастар арасында Азия чемпионаты өтті, оның алдында ЭКСПО-да әлем чемпионаты өтті. Екі-үш ай бұрын ғана Түрік мемлекетінде көшпенділер ойыны болды, содан біз ұлттық спортымыз көкпарға қатысып бірінші орынды иелендік.