Еуропада киіз үйдің танымалдылығы артып келеді

Көшпенділердің дәстүрлі баспанасы - киіз үйлер Еуропада танымалдылыққа ие болуда. Бүгінде ол әйгілі әлемдік брендтердің сән дүкендерін стильдеу үшін таңдалып келеді. Ал саяхатшылар, туристер көшпенділер баспанасын демалыс орны, әртүрлі отбасылық және мерекелік шаралар өткізу орны ретінде қарастырады. Мысал ретінде жаңа румыниялық қонақ үйді айтуға болады. Мұнда туристерге әдеттегі қонақ үйлер мен бөлмелердің орнына қазақтың ұлттық киіз үйі үлгісінде жасалған тұрғын үйлер ұсынылады. Тұрғын үйдің басты сәні – шаңырақ. Түнде шаңырақ арқылы қонақтар жұлдызды аспан мен бұлттардың көшуін тамашалай алады.