Қазақстанда шамамен 600 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылады

Қазақстанда шамамен 600 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылады

Барлығы 266 нысанды жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бейінді ведомствода ел аймақтарында жалпы құны 3 млрд 700 млн теңгені құрайтын жеті ет комбинатын ашу көзделгені туралы айтылды. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 1,7 мың тонна өнімді құрайды. Сонымен қатар құс фабрикаларына арналған құны 77 млрд теңгеден асатын 10 жобаны іске қосу күтілуде. Сондай-ақ биыл өңірлерде 51-сүт фермасы, 12 сүт зауыты және 38 ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу цехтары ашылады деп жоспарланған. Министрлік екі алма бағы пайдалануға беріліп, картоп, көкөніс және астық сақтау бойынша тоғыз жоба жүзеге асырылатынын да хабарлады.