Кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды

Кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды

Олар жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған аукционға шығарылып,  стратегиялық инвесторларға тапсырылмақ.  Еліміздегі кен орындарын тексеру мәселесі министрлер кабинетінің кеңесінде талқыланды.

Айта кетейік, қазір Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде өткуен жылы  уәкілетті органдар қатты пайдалы қазбалар бойынша 115 келісімшарт пен 198 лицензияны, сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 12 келісімшартты бұзды. 2022 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша бюджетке 26 млрд теңге сомасына қол қою бонусы төленді. Сондай-ақ  көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық барлауға 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.