Қазақстандық «Сергек» жүйесі енді Өзбекстанның қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылайды

Қазақстандық «Сергек» жүйесі енді Өзбекстанның қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылайды

Отандық өнім қазір халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші орында тұрған Наманган қаласына ендірілді. Интеллектуалды жүйе жылдамдық режимін сақтау, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін, жол таңбалау желілерінің бұзушылығын тіркейді. Яғни, жол апаттарын азайтуға және көлік тізгіндеу мәдениетін арттыруға арналған жүйеге өзге елдер де қызығушылық танытып отыр. Алдағы мақсат - Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс пен Африка аймағының нарықтарына шығу. Айта кетейік, қазір жүйе Қазақстанның Астана, Өскемен, Алматы, Атырау, Шымкент, Семей, Тараз және Түркістан қалаларында көлік қозғалысын реттеуге өз септігін тигізуде.