2023 жылы Қазақстанда мұғалім, тәрбиеші, сатушы мамандықтарына сұраныс артады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет көрсету саласына, яғни жалпы кеңсе қызметкерлеріне, жылжымайтын мүлік агенттеріне, әзірлеушілерге және бағдарламалық жасақтаманы тестілеуден өткізу сияқты мамандықтарға сұраныс арта түспек. Ал, өнеркәсіп саласында қажеттілік, атап айтқанда жеңіл, жүк көліктерінің жүргізушілері және электротехниктерге, одан кейін егіншілер, тракторшыларға  арта түседі.

Ұлпан Шегенова, Еңбек ресурстары орталығының стратегия департаментінің директоры:

- Бұл ең алдымен демографиялық ахуалға байланысты. Яғни, халық санының өсуіне байланысты. Оның салдарынан туындаған білім беру, денсаулық сақтауда және одан басқа қызмет көрсету саласы, сауда-саттықта адам санының, яғни мамандардың көбірек болуына байланысты осындай кадр қажеттілігі болады деп есептейміз. Бұл әртүрлі факторларды есептеу арқылы саналады және статистикалық мағұлматтарға негізделеді. Алдағы 30-шы жылға дейінгі болжам бойыншада әлі де қызмет көрсету саласының және білім беру саласының мамандары аса қажеттілікте болады.