2022 жылы әлеуметтік-еңбек саласында 1 млн-нан аса проактивті мемлекеттік қызмет көрсетілді

2021 жылмен салыстырғанда осы әдісті пайдаланушылардың саны екі есеге өсті. Бүгінгі таңда проактивті форматта әлеуметтік-еңбек саласының 23 мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Олардың ішінде жұмыссыздарды тіркеу, бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау сияқты қызметтер сұранысқа ие.  Бұдан басқа бірқатар басқа қызметтерді түрлендіру және жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.