Елордада интернет алаяқтықпен күресетін киберпул құрылды

Елордада полиция департаменті жанынан құрылған жаңа ұйымның жұмысы бұдан былай тек интернет алаяқтықтың алдын алып, оңай олжаға кенелем деушілердің ізін кесуге бағытталады. Қалалық криминалды полиция басқармасының мәлімдеуінше, ондағы мамандар арнайы даярлықтан өткен, жұмыс істеу алгоритмін біледі делінген. Бұл бағытта Интерполмен бірлесіп әрекет ету жоспарланған.  Айта кетейік, былтыр бас шаһарда орын алған интернет алаяқтық қылмыстардың 33% ашылды.