2023 жылдың басынан бері 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Тарихи отанына оралғандардың тең жартысы Өзбекстаннан. Сонымен қатар Қазақстанға Қытай, Ресей, Түрікменстан, Моңғолия және өзге де елдерден келгендер бар. Олардың басым  бөлігі  Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларына қоныстаған. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейіне келер болсақ, 20%-тен сәл астамы жоғары, 41% жуығы орта кәсіби, 35%-тен көбі жалпы орта және шамамен 4%-інде білімі жоқ. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 100 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.